НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысында Үшарал-Достық тас жолы жабылды, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
"Ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдағы нашар көру) 25 желтоқсанда сағат 9.30-дaн бастап "Үшарал-Достық" жолының 83-184 шақырымдары аралығында, атап айтқанда, Көктума мен Достық станциялары аралығындағы учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі.