НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Алматы-Қорғас тас жолында жиырмаға жуық көлік соқтығысты.
"25 желтоқсанда сағат 10.00 шамасында Алматы-Қорғас жолының 134 шақырымында қою туман кесірінен 17 көлік соқтығысты", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.
Жол апатынан бес адам зардап шекті. Олар Шелек ауылының ауруханасына жеткізілді.
Апат орнында патрульдік полиция жұмыс істеп жатыр. Жолдың 84-136 шақырымының арасы жабық. Куәгерлердің айтуынша, жол қатты көктайғақ.
Бұған дейін облыстық төтенше жағдайлар қызметі күн райының бұзылуына байланысты дабылды ескертулер туралы хабарлаған болатын.
Сондай-ақ таңертең ауа райының күрт нашарлауына байланысты Алматы облысында Үшарал-Достық тас жолы жабылды.