НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан — Sputnik. Жандарбек Бекшин зейнетке шыққаннан кейін не істейтінін айтты.
5 қаңтарға дейін Жандарбек Бекшин демалыста болады, содан кейін өз өкілеттігін тапсырады, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Бекшин өз жоспарын бөлісті. Санитарлық дәрігер бос отырғысы келмейді.
"Әлі коронавируспен күрес аяқталған жоқ. Бірақ жұмыстан кем дегенде 2-3 апта демалу керек", - деді ол.
Жандарбек Бекшин өзінің көпшілік алдында сөйлеген сөздерімен, болжамдарымен және ерекше сөздерімен танымал.
Сондай-ақ, Бекшин жақын арада Нұр-Сұлтанға оралуға ниетті екенін айтты.
Еске салары, Алматыға тағайындалғанға дейін ол Қазақстанның бас санитарлық дәрігері лауазымында жұмыс істеген.