Қоғам

Батыс Қазақстанда жаңа штамның анықталғаны рас па

Бұған дейін БАҚ-та Батыс Қазақстанда "омикрон" штамы анықталды деген ақпарат тараған болатын
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Батыс Қазақстанда "омикрон" штамы анықталды деген ақпаратты жоққа шығарды. 
Бұған дейін БАҚ-та Батыс Қазақстанда "омикрон" штамы анықталды деген ақпарат тараған болатын. Алайда көп ұзамай ол ақпарат алынып тасталды.
Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратты жоққа шығарды.
"Бұл фейк. "Омикрон" жоқ", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Ержан Байтанаев та брифинг кезінде елде жаңа штамның анықталмағынын айтқан. 

Оқи отырыңыз: