Денсаулық

"Кезекті толқын басталып жатыр": үкімет басшысы жаңа штамм бойынша тапсырма берді

Осы орайда үкімет басшысы вирустың жаңа штамы әлем бойынша тез таралып жатқанын ерекше атап өтті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин әлемде коронавирустың жаңа штамы – "омикронның" таралуына байланысты тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жалпы, эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп айтуға болады. Инфекциялық және реанимациялық орындардың жүктелуі 19 процентті құрап отыр. "Жасыл" аймақта 15 өңір, "сары" аймақта – екі өңір, олар – Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары. Дегенмен, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды, әсіресе, мемлекеттік шекарада жалғастыру қажет. Көптеген елдерде жаңа штамға байланысты науқастанудың кезекті толқыны басталып жатыр", - деп атап өтті Мамин.
Осы орайда үкімет басшысы вирустың жаңа штамы әлем бойынша тез таралып жатқанын ерекше атап өтті.
"Осыған байланысты ғимараттардың ішінде және қоғамдық көлікте маска киюге, адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтауға аса назар аудару қажет", - деді Мамин.
Премьер-министр вакцинация мен ревакцинация шараларына баса мән беру қажеттігін де жеткізді.
Қазіргі кезде, шамамен, 9 миллион адам вакцинаның бірінші дозасын салдырды. Бұл 18 жастан асқан халықтың 80 процентін құрайды. Осы уақытқа дейін 8,4 миллион адам вакциналаудың толық курсынан өтті.

Оқи отырыңыз: