Қоғам

Назарбаевтың ашық сұхбатына негізделген кітап жарыққа шығады

Елбасы туралы кітапқа "Штрихи к портрету" жобасының телевизиялық нұсқасында көрсетілмеген материалдар енген
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы "Штрихи к портрету" кітабы жарық көреді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты.
​"Жақында Елбасының "Штрихи к портрету" деректі жобасына берген сұхбатына негізделген кітап жарыққа шығады. Кітапқа жобаның телевизиялық нұсқасында көрсетілмеген материалдар енді", - деп жазды ол Twitter-де.
Кітап авторы - Нұрсұлтан Назарбаевтан сұхбат алған журналист Айгүл Әділова.
"Штрихи к портрету" - Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған көпсериялы деректі фильм. Фильм Елбасының эксклюзивті сұхбаты негізінде жасалған. Бірінші серия 1 желтоқсанда Қазақстанның тұңғыш президенті күні жарық көрді.