Саясат

Тоқаев ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне қатысады

ТМД мемлекет басшыларының бетпе-бет кездесуі желтоқсанның соңында Санкт-Петербургте өтеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан — Sputnik. 28 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.  
"Жиын барысында Достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстардың қорытындылары, көпжақты ықпалдастықты дамытудың перспективалары және Ұйым қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланбақ. Сонымен қатар халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері қарастырылады деп жоспарлануда", - деп жазды Берік Уәли.
Ол ТМД басшыларының Жаңа жыл қарсаңында өткізетін осындай форматтағы кездесуі дәстүрге айналғанын атап өтті.
Бұған дейін ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев 2022 жылдың 14 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында ТМД мемлекет басшылары кеңесінің жаңа отырысы өтетінін журналистерге хабарлады. Сонымен қатар ол Нұр-Сұлтандағы саммитке дейін ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуі өтуі мүмкін екенін де жоққа шығармады.
Оқи отырыңыз: ТМД 30 жыл ішінде әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді өңірлік ұйымға айналды - Тоқаев