Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығының алаңында Қазақстан, Ресей, Армения және Беларусь кинематографистері саланы дамыту жолдары туралы пікір алмасты.
Мәскеу – Нұр-Сұлтан – Ереван – Минск бейнекөпірінің қатысушылары Еуразия кеңістігінің кинематографиясы жаңа жағдайда қандай болатынын ой елегінен өткізді.
Пікірталасқа қазақстандық сарапшылар мен журналистер де қатысты.
Мәскеуде салалық мәселелерді режиссер Федор Попов, Ресейдің халық әртісі Александр Галибин, актер және педагог Александр Цой, режиссер Стася Венкова, халықаралық студенттер фестивалінің лауреаты Малика Мұхамеджан талқылады.
Сондай-ақ басқосуда еревандық кинорежиссер Арч Шермазанян, "Беларусфильм" киностудиясының көркемдік жетекшісі Александр Ефремов те өз ойын ортаға салды.