Қазақстан астанасы Сириядағы жағдайды реттеуді көздейтін келіссөздер өткізу үшін тағы да қолайлы алаң ұсынды. Нұр-Сұлтанда Ресей, Түркия, Сирия, Иран дипломаттары бірқатар кездесу өткізді.
Келіссөздер аясында талқыланған мәселелердің қатарында аймақтағы лаңкестік топтар мен ұйымдардың күшеюінен туындайтын қауіп-қатерлер, босқындардың лагерлердегі тұрмыс жағдайы мен оларды еліне қайтару, тұтқындармен алмасу мәселелері болды.
Астана процесінің қатысушылары Конституциялық кеңестің қызметін және Сириядағы саяси процесті елдегі жағдайды тұрақтандыру құралы ретінде ілгерілету мәселесін талқылады.
Нұр-Сұлтанда дипломаттар тағы не туралы келіскенін видеодан көріңіз.