Қоғам

28 градусқа дейін аяз болады – синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

Метеорологтар Қазақстанның солтүстік және батыс облыстарында ауа температурасы күрт төмендейді деп болжап отыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Қазгидрометтің синоптиктері қазақстандықтарға алдағы үш күнде – 2021 жылдың 23-25 ​​желтоқсанында аяз болатынын ескертті.
"Қазір батыстан антициклон жылжып келеді. Ол елдің батысы мен солтүстігінде ауа температурасын төмендетеді. Мұнда түнде 20-28 градус аяз болады деп болжанып отыр", - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.
Оңтүстік облыстарға Өзбекстан аумағынан келген циклон әсер етеді. Ол жаңбыр алып келеді.
Айта кетері, бұған дейін солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанда ауа райы жауын-шашынды болып, ауа температурасы көтерілді.
Оқи отырыңыз: