Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда түнгі клубтағы адамдар эвакуацияланды

Оқиға орнына келген құқық қорғау органдарының қызметкерлері түнгі клубтың аумағын тексерді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Елордада түнгі клубты белгісіз біреу "миналамақ" болды, адамдар мекемеден эвакуацияланды.
Полиция қызметкерлері
Нұр-Сұлтан полиция департаментінің мәліметінше, миналау туралы ақпарат расталмаған.
 Тұран даңғылындағы "Аура" түнгі клубына мина қойылады деген хабарлама 19 желтоқсан күні сағат 18:36-да түскен.
"Ешқандай жарылғыш зат табылмады. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады полиция.
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті жарылғыш зат қойылғаны туралы қасақана жалған ақпарат бергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.