АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрі қызметін бір жарым жыл атқарған Алексей Цойға алғыс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға белсенді жұмыс істегені, әсіресе6 Қазақстанда коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді", - деп жазды ол.
Айта кетері, 20 желтоқсанда мемлекет басшысы Алексей Цойды денсаулық сақтау министрі қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды.
Содан кейін денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Цойдың өз еркімен қызметінен босатылғанын айтты.
Ал Алексей Цой әлеуметтік желіде жазба жариялап, денсаeлық сақтау саласын ғылым мен әлеуметтік бастамалар арқылы дамытуды қолға алатынын мәлімдеді.