НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Меруерт Ибраева (3-0) Мәскеуде Open Fighting Championship турнирінде титулдық жекпе-жек өткізді.
Ибраева ресейлік Дарья Железняковамен кездесті (5-0). Жеңіл салмақтағы жекпе-жек бес раундқа есептелді, Open FC чемпионы титулы бәске тігілді.
Жекпе-жекте Железнякова мерзімінен бұрын жеңіске жетті – екінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен ұтты, деп хабарлады Sports.kz.
Осылайша Меруерт Ибраева кәсіпқой карьерасында алғаш рет жеңіліске ұшыраса, Дарья Железнякова ММА-дағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді.
Айта кетері, Ибраева жақында ғана панкратионнан әлем чемпионы атанған болатын.