Өңірлер

"Атам десең атыңдар!": әкімдік балабақшада түсірілген видеоға түсініктеме берді

Видео алғаш рет тарағаннан кейін облыстағы мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Әлеуметтік желіде балабақшада Желтоқсан оқиғасының құрбандарының бірі Қайрат Рысқұлбековтың образын сомдаған баланың видеосы тарап жүр. Түркістан облысының білім басқармасы осы видеоға қатысты түсініктеме берді.
"Мұндай қойылымдар мектепке дейінгі білім берудің типтік бағдарламасында қарастырылмаған. Оны қоюға да ұсыныс жасалмайды", - дейді Жолаев.
Видео алғаш рет тарағаннан кейін облыстағы мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын. Қазіргі кезде балалардың қатысуымен ондай көріністер ұйымдастырылмайды.