Фото

Қысы-жазы бір түсте: әлем елдеріндегі мерекелік шыршалар – фото

Жаңа жылға дейін санаулы күн қалды. Әлемнің көп елі қала көшелері мен ғимараттарын мерекеге сай безендіруді белсенді жүзеге асырып жатыр
Sputnik
Жылдың ең ғажайып мерекесі қарсаңында әлем елдерінде безендірілген басты шыршаларды тамашалай отырыңыз.
Алайда коронавирус салдарынан бірқатар ел мен қала билігі дәстүрлі жаңа жылдық жәрмеңкеден бас тартуға мәжбүр болды. Бірақ бұл жағдай адамдардың мерекелік көңіл-күйін түсірмеді.
Өйткені осы күні ең реалист адамның өзі ғажайыпқа сеніп, болашаққа, келер жаңа жылға зор үміт артатыны анық.
Ал айналада шамдар жарқырап, мейрам қарсаңындағы қарбалас үдеген шақта кім-кімнің де көңілі жібіп сала береді емес пе... Себебі бұл бейқам балалық шақтың мерекесі іспеттес.
1 / 15
Париждегі Place Vendome алаңында бір емес, екі шыршаның шамын жақты. Сәрі, алаңдағы шыршалар жалғызсырамасын деген болар
2 / 15
Ал ауа райы жылы Барселонада қала тұрғындары безендірілген көшелерде серуендеп, коронавирус шектеулерін елейтін емес
3 / 15
Вильнюсте бас шырша тіпті ерекше. Ол қар қылауының ою-өрнегін айқын көрсетіп тұр
4 / 15
Ал мына адам джедай семсерімен коронавирус және онымен байланысты барлық шектеуге қарсы күресуге дайын екенін паш етіп тұр. Ол Брюссельдегі Гран-плас алаңында осы қабілетін дәлелдеп үлгерді
5 / 15
Жұмысшылар Вестминстердегі Парламент ғимаратынң алдына қойылған шыршаны әсемдеп жатыр. Лондонның бұл аумағында жүз метрге созылатын шамдар жасыл шыршаға сән беріп тұр
6 / 15
Мәскеудегі Никольск мұнарасының көрінісі
7 / 15
Берлиндегі Жандарменмаркт алаңында дәстүр бойынша жаңа жылдық базар ашылды
8 / 15
Адамдар Гонконгтегі жаңа жылдық шырша жанында суретке түсіп жатыр. Экваторға жақын орналасқан осы қалаға елшқашан қар жаумаған. Әйтсе де бұл тұрғындардың көшені жаңа жылға сәйкес безендіруіне кедергі емес
9 / 15
Прагадағы Староместск алаңындағы жаңа жылдық шырша. Пандемияға байланысты мерекелік базар бұл жылы жабық болды
10 / 15
Ал Старсбургте карантин шектеулеріне қарамастан, биыл жаңа жылдық жәрмеңке ашылды. Ал алаң ортасында жарқырап тұрған ағаш шырша болмаса да, қала тұрғындары мерекелік көңіл-күйді түсірер емес
11 / 15
Тайбэдегі Taipei 101 биік ғимаратының алдындағы мерекелік шырша
12 / 15
Инсбурк алаңы да қаңырап бос тұр. Себебі Австрияның бұл қаласында жаңа жылдық жәрмеңке өткізуге тыйым салды. Алаңдағы жасыл шырша да жалғызсырап қалғандай...
13 / 15
Жастар Бангкоктегі мерекелік шырша жанында жиналып тұр. Бұл қалада да шынайы қыс болмайтынына қарамастан, мерекенің басты атрибуты жаңа жылдың жақын қалғанын аңғартып тұр
14 / 15
Ал Швейцарияның Цюрих қаласында қала билігі көп ғасырдан бері жалғасып келе жатқан мерекелік жәрмеңке өткізуден бас тартпады. Жаңа жылдық шырша шамдарының ерекше жарқырауы да сондықтан болар
15 / 15
Американың Нантакет қаласында орналасқан шырша көңілге жайлылық, көзге қуаныш сыйлап тұр