Видео

Туристер мінген "Союз" ғарыш кемесі Қазақстан жеріне қонды – видео

Роскосмостың ғарышкері Александр Мисуркин мен жапондықтар – Юсаку Маэзавы, Йозо Хиранов мінген "Союз МС-20" ғарыш кемесі Жерге оралды
Sputnik
Олардың парашюттері 20 желтоқсанда Қарағанды облысының даласына қонды. Қону штаттық режимде өтті. Роскосмостың хабарлауынша, экипаж мүшелерінің жағдайы жақсы.
Жезқазғаннан 148 шақырым жерде оларды құтқарушылар тобы күтіп тұрды. Экипажды қондыруға 200-дей құтқарушы, бір Ан-26 ұшағы мен 20-дан астам техника жұмылдырылды.
Экипаж Халықаралық ғарыш станциясында 12 күн болды.
Экипиж мүшелерінің қону сәтін видеодан тамашалаңыз.