Оқиға

Алматы облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

Алматы қаласының 47 жастағы тұрғыны оқиға орнында жан тапсырды. Ал бала екі сағаттан кейін ауруханада көз жұмды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысында жол апаты салдарынан 47 жастағы әйел мен тоғыз айлық нәресте көз жұмды, деп хабарлады Polisia.kz.
Оқи отырыңыз: Бүтін бір отбасы көз жұмды: көлік жүргізушісіне сот үкімі шықты 
Апат салдарынан Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі мен 21 және 30 жастағы жолаушылары, 9 айлық бала ауруханаға жеткізілді.
Алматы қаласының 47 жастағы тұрғыны оқиға орнында жан тапсырды. Ал бала екі сағаттан кейін ауруханада көз жұмды.
ВАЗ жүргізушісі мен оның 59 жастағы жолаушысы да әр түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.
Chevrolet жүргізушісі қамауға алынды.