Фото

Very Peri: 2022 жылдың басты түсі анықталды – фото

Жаңа технологиялар Pantone Color Institute мекемесіне жаңа түс ойлап табуға ықпал етті. Ол түс адамды бір сәтте тыныштандырып, шығармашылыққа ден қоюға итермелей алады
Sputnik
Pantone мамандары күлгін реңкті 2022 жылдың басты түсі деп атады да, оған Very Peri деген атау берді. Жаңа түстің табиғат пен сән саласындағы көрінісін суреттер топтамасынан көріңіз.
Мамандар оны көктің тұрақтылығы және қызылдың қуатын үйлестіретін айқын түс деп сипаттады. Pantone мәліметі бойынша, Very Peri өзгеріске толы мына әлемді жаңа мүмкіндіктерімен қабылдап, жаңа белеске қарай адымдауға қуат береді.
Pantone мамандарының пікірінше, жаңа түс "біз бастан өткізіп жатқан жаһандық уақыт рухы мен өтпелі кезеңнің символына" айналады.
"Біз ұзаққа созылған оқшаулау кезеңінен шыққан шақта көзқарасымыз бен ұстанымымыздың өзгергенін, ал физикалық пен цифрлық өмір етене байланысып кеткенін байқаймыз. Цирфлық дизайн мүмкіндіктерді кеңейтіп, жаңа виртуалды әлемге жол ашады. Метакеңістік пен цифрлық әлемдегі шығармашылық қауымдастықтың белең алғанын ескеріп, Very Peri қазіргі өмірдің бейнесін және түс үрдісі физикалық әлемде көрініс табуын айқындайды", - дейді түсті құрастырушылар.
Компания алғаш рет өз реңкін жыл түсі деп атады. Бұған дейін институт он қолжетімді палитрадан таңдап келді. Very Peri түсін құрастыру кезінде институт цифрлық әлем, виртуалды шынайылық пен метакеңістік мәселесіне көңіл аударды.
2021 жылы бірден екі түс – сары мен сұр таңдалған еді.
Ал карантинде өткізген 2020 жылы "классикалық көк" басты түс деп белгіленді. Әлем дағдарысты бастан өткізген 2008 жылы "көк ирис" басты түс болды.
1 / 17
Pantone Color Institute келе жатқан 2022 жылдың басты түсін жариялады. Бұл институт әзірлеген күлгін 17-3938 Very Peri түсі. Түсті ойлап тапқан мамандар оны "көктің тұрақтылығы мен қызылдың ашықтығы үйлескен күлгін-қызғылт түсті реңк" деп сипаттады.
2 / 17
Компания алғаш рет өз реңкін жыл түсі деп атады. Бұған дейін институт он қолжетімді палитраның ішінен таңдап келді. Very Peri түсін құрастыру кезінде институт цифрлық әлем, виртуалды шынайылық пен метакеңістік мәселесіне көңіл аударды.
3 / 17
Британия патшайымы Елизавета II әдеттегідей сәннен қалатын емес.
4 / 17
Pantone мамандарының пікірінше, жаңа түс "біз бастан өткізіп жатқан жаһандық уақыт рухы мен өтпелі кезеңнің символына" айналады.
5 / 17
Pantone өкілдері Very Peri қазіргі өмірдің бейнесін және түс үрдісі физикалық әлемде көрініс табуын айқындайтынын айтты.
6 / 17
"Pantone нұсқасы бойынша анықталған жыл түсі жаһандық мәдениеттегі құбылысты, адамдардың ізденісін көрсетеді және бұл түс оларға іздегенін табуға көмектесе алады", - дейді Pantone Түстер институтының вице-президенті Лори Прессман.
7 / 17
"Біз алғаш рет "PANTONE Жыл түсі" түстер бағдарламасы үшін өз түсімізді ойлап шығардық. Ол жаһандық инновациялар мен түр өзгертуді айқындайды. Адамдар түс арқылы жүрек мен көңілдегі ойды айна-қатесіз жеткізе білетіндіктен, мына көк реңкі бар түс алдымыздан ашылған үлкен мүмкіндіктерге жол бастайды", - деді Прессман.
8 / 17
Түс таңдау процесі үрдісті мұқият қарастыру мен талдауды қажет етеді. Жыл сайын дұрыс таңдау жасау үшін институт мамандары жаңа түс трендтерін анықтау мақсатында бүкіл әлемді аралайды. Ол ойын-сауық индустриясын, түсірілетін фильмдерді, көркем көрмелерді, жаңа суретшілерді, сән, дизайн салаларын, саяхаттауға арналған танымал орындарды, әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы жаңа өзгерістерді қамтуы мүмкін.
9 / 17
Pantone мамандары бұл трендтер жаңа материалдармен, технологиялармен, түске әсер ететін текстурамен, әлеуметтік желі платформаларымен байланысты болуы мүмкін екенін айтты.
10 / 17
Институт мамандары Very Peri көктің тұрақтылығы және қызылдың қуатын үйлестіретін айқын түс екенін мәлімдеді. Бұл 2022 жылы сән мен сұлулық әлемін жаппай жаулап жатқан мінсіз микс.
11 / 17
Болашақтың таңғалдырар түсін табиғаттан да кездестіруге болады.
12 / 17
Very Peri өмірге деген құштарлықты, көтеріңкі көңіл-күйді және белсенділікті сипаттап, шығармашылық пен өзін-өзі тануға жол ашады.
13 / 17
Very Peri күнделікті немесе мерекелік кештерге киетін киімдердің қай-қайсысына да жарасымды. Оны бәсеңдеу, біршама ашық түстермен сәтті үйлестіруге болады.
14 / 17
Балтық теңізінің табиғи реңкі осындай.
15 / 17
Қызыл кілем үстіндегі күлгін түсті аяқ киім тіпті ерекше көрінеді.
16 / 17
Very Peri адамның шығармашылығын шыңдап, шабытын арттыратын мызғымас сенім мен батыл әуесқойлықты білдіреді. Very Peri мүмкіндіктерді қалт жібермей, жаңашылдыққа қарай батыл қадам жасауға күш береді, деп санайды Pantone институты.
17 / 17
Бүкіл әлем жаһандық дағдарысты бастан өткізіп жатқан шақта барлық адамға тұрақтылық, үміт пен бақыт аса қажет. Pantone Түстер институтының ақпараты бойынша 2022 жылдың көктем-жаз маусымындағы сәнді түстер тепе-теңдікке деген қажеттілікті айшықтайды.