Видео

Солтүстік шұғыласы және аққан жұлдыз - таңғажайып құбылыстың видеосы

Мурманск облысындағы Канентъявр көлінің маңайында таңғажайып табиғат құбылысы видеоға түсіп қалды. Аспанда солтүстік шұғыласы жарқырап, метеорлар құлады
Sputnik
Поляр шұғыласы кезінде аспанда түрлі-түсті спиральдар мен доғалар қозғалып, жарқырап тұрады. Мурманск облысындағы Канентъявр көліне барған адамдар таңғажайып табиғат құбылысын өз көзімен көрді.
Осы жолы солтүстік шұғыласы жарқырап тұрғанда метеорлардың құлағаны да анық көрінді. Мұндай көрініс тіпті таңғаларлық.  
Поляр немесе солтүстік шұғыласы (Aurora Borealis) - Жер атмосферасының ионосфера қабатында байқалатын құбылыс. Поляр шұғыласы ғарыштан келетін жоғары зарядталған бөлшектердің (электрондар мен протондардың) атомдар мен молекулалармен әрекеттесуі (90 — 1000 км биіктікте) нәтижесінде пайда болады.
Солтүстік шұғыласын көру үшін магнит толқулары болуы қажет. Сосын қолайлы ауа райы, атап айтқанда ашық түнгі аспан керек.