Өңірлер

Қазақстанның басым бөлігінде 20 желтоқсанда дабылды ескерту жарияланды

Қазгидрометтің хабарлауынша, бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болса, басқа облыстарда қатты жел тұрып, бұрқасындатады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен 10 өңірде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Нұр-Сұлтан қаласында 20 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ болады деп болжанып отыр.
Шымкент қаласында түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Маңғыстау облысының батысында тұман, көктайғақ болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл көтеріледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ болады.
Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде және шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады.
Қарағанды облысының түнде батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың таулы, тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, түнде тау асуларында 23-28 м/с болады.
Павлодар облысының оңтүстігінде бұрқасын, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз батысында және оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде күші 18 м/с-ке дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.