НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан - Sputnik. Монреалда қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альваресті 69 секундта нокаутпен жеңді.
Бірінші орта салмақтағы бұл жекпе-жек алты раундқа жоспарланған еді. Бірақ Батыр Жүкембаев қарсыласын 69-шы секундта нокаутпен жеңді. Бұған дейін мексикалық боксшы нокдаунда болып үлгерді.
Бұл - 30 жастағы Батыр Жүкембаевтың 19-шы жеңісі (15 нокаут). Биыл мамыр айында қазақстандық боксшы пуэрторикандық Сабриэль Матиастан жеңіліп қалған болатын.
35 жастағы мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альварес 11-ші рет жеңіліп отыр. Оның қоржынында 28 жеңіс бар.