2021 жылғы "Әскери альпиниада" жеңімпаздарына мемлекеттік туды биіктігі төрт мың метр шыңдардың біріне көтеру тапсырылды.
Амангелді шыңы – Іле Алатауының Кіші Алматы сілеміндегі Тұйықсу мен Богданович мұздықтары алабын бөліп тұрған шың. Алматы қаласына таяу жердегі Абай шыңымен қатарлас, альпинистер арасында танымал шыңдардың бірі.
Шыңнан Богданович пен Тұйықсу мұздықтары, Мәншүк Мәметова, Абай, Орджоникидзе, Комсомол, Молодежный шыңдары көрінеді. Шыңның оңтүстік және батыс беткейі жартасты, солтүстік және шығыс беткейі шағын мұз қабаттарымен жабылған.
Қазақстан қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының әскери альпинистері 1999 жылдан бастап шыңға жыл сайын шығады.