Қоғам

"Сізді жақсы көреміз": ресейліктер Бибігүл Төлегенованы құттықтады

Қазақстандық танымал әнші 92 жасқа келді
Sputnik
АЛМАТЫ, 17 желтоқсан – Sputnik. Ресейлік тележүргізуші Андрей Малахов қазақстандық танымал әнші Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қымбатты әрі құрметті Бибігүл Ахметқызы! Сөйлеп, көрсетіп тұрған Мәскеу. "Привет, Андрей!" бағдарламасының студиясы және Ресейдің барлық көрермені сізді туған күніңізбен құттықтайды. Сізге денсаулық, сәттілік, табыс тілейміз. Сізді өте қатты жақсы көреміз және бағалаймыз. Есіңізде сақтаңыз, сіз Қазақстанның ғана емес, Ресейдің де інжу-маржанысыз. Сол себепті үнемі бізді әніңізбен қуанта беріңіз. Шынайы ниетпен, Ресейден ыстық ықыласпен Андрей Малахов", - деді Малахов видеоүндеуінде.
Бибігүл Төлегенова 16 желтоқсанда 92 жасқа толды. Қазақстанның бұлбұлы 1929 жылы Семей қаласында дүниеге келген, 1954 жылы Алматыдағы консерваторияны бітірді. Қазақ КСР халық артисі.
Төлегенова қазақ операсының дамуына үлкен үлес қосты. "Дала қызы", "Біздің сүйікті дәрігер", "Тақиялы періште" фильмдеріне түскен.

Оқи отырыңыз: