Қоғам

Астронавт қазақстандықтарды ғарышта тұрып Тәуелсіздік күнімен құттықтады – видео

Америкалық Марк Томас Ванде Хэй қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерейтойымен халықаралық ғарыш станциясында тұрып құттықтады
Sputnik
АЛМАТЫ, 17 желтоқсан – Sputnik. Америкалық астронавт Марк Томас Ванде Хэй қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтады. Астронавтың құттықтауын АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Facebook парақшасында жариялады.
"Қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын! АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындады. Содан бері біздің елдеріміз арасында барлық бағыт бойынша, әсіресе ғарышты зерттеуде ынтымақтастық дамып келеді", - деді Томас Ванде Хэй.
Оқи отырыңыз: АҚШ, Қытай және Ресей басшылары қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады 
Айта кетері, Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда жариялады. Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан АҚШ мойындады, екінші болып Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады.