НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет 17 желтоқсанда болатын ауа райына болжам жасады.
Синоптиктердің болжамынша, елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында Солтүстік-батыс циклонының әсерінен жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын күтіледі.
Республиканың басқа аумақтары антициклон жоталарының әсерінен өз ықпалын сақтайтын болады – жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжанған. Еліміздің кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ желдің 15-20 м/с күшеюі мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының солтүстігі мен батысында желдің 15-20 м/с күшеюі жаяу бұрқасынмен күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі жаяу бұрқасынмен, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Атырау облысының басым бөлігінде, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Маңғыстау облысының батысында және оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, Түрістан облысының таулы аудандарында, Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында және шығысында тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Алматы облысының Алакөл ауданында, Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.