Қоғам

Енді қазақстандықтар зейнетақы жинағына жер учаскесін де сатып ала алады

Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланудың жаңа мақсаты қосылды. Жағымды жаңалықты "Отбасы банк" бөлісті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандықтарға біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер телімін сатып алу мүмкіндігі берілді. Бұл туралы "Отбасы банктің" Instagram парақшасында хабарланды.
"Достар, сіздерді біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріндегі өзгерістер жайлы хабардар етуді жалғастырамыз. Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланудың жаңа мақсаты қосылды. Енді зейнетақы жинағының көмегімен жер телімін сатып алу мүмкіндігі пайда болады", - делінген хабарламада.
Қазақстандықтар жер телімін жер үй немесе қосалқы шаруашылық салуға ғана пайдалана алады.
Сондай-ақ, Отбасы банк жер теліміне 24 ай ішінде үй салып, банкке құжаттарды ұсыну қажет екенін ескертті.
Құжаттар тізімі:

Оқи отырыңыз: