НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан - Sputnik. Қызылорда облысында Байқоңыр маңындағы Төретам ауылында жасөспірімдерге оқ жаудырды, деп хабарлайды Nur.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарақат алған үш қыз ауруханаға жеткізілді. Полиция төтенше оқиға кеше сағат 18.00 шамасында аялдама маңында болғанын хабарлады.
Полицейлер күдіктілерді ізін суытпай ұстады.
Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі ("жас баланы өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өйткені аяғына дейін жеткізілмеген қылмыс күдіктінің өз еркімен бұзылмаса, "адам өлтіру" бабы бойынша тергеледі.
Күдікті он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.