Қоғам

Қазақстандық спорт журналисі өмірден озды

Ол небәрі 49 жаста еді. Журналист 1980 жылдардың аяғынан бастап қазақстандық хоккей туралы хабар таратты
Sputnik
АЛМАТЫ, 16 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық спорт журналисі Максим Карташов өмірден озды. Ол 49 жаста еді, деп хабарлайды басылым Шайба.kz.
Максим Карташов
Басылымның мәліметінше, Максим Карташов инсульт алып, бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатқан. Сол жерде қайтыс болған.
Максим Карташов 1980 жылдардың аяғынан бастап қазақстандық хоккей жайлы хабар таратты. "Қазақстан хоккейі" журналының бас редакторы және "Қазақстанның үздік хоккейшісі" конкурсының атқарушы директоры болып жұмыс істеді.
Әріптестері мұндай қаңғылы хабарды естіп есеңгіреп қалды.
"Бұл жаста Максим Леонидович 30-дағылардан жас көрінді. Ақылға қонбайды", - деп жазды таныстарының бірі.
Басқалары жақында ғана Максим Карташовты хоккейде көргенін еске алады: "екі апта бұрын біз Максиммен бірге сүйікті спорт сарайында Торпедо ойынында отырдық. Максим маған қазақстандық хоккей туралы өз журналының соңғы шығарылымын сыйға тартты".