Қоғам

Елімізде Қазақстан, Егемен және Тәуелсіздік есімді қанша адам бар

Бүгін Қазақстанның тәуелсіздік алғанына – 30 жыл. Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз ел ретінде өзінің жаңа тарихына қадам басты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан – Sputnik. Елде Қазақстан, Егемен және Тәуелсіздік есімді қанша азамат тұратыны белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Елімізде Қазақстан есімді 35, Егемен атты 6, Тәуелсіздік есімді 1 азаматымыз бар", - деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіндегілер Sputnik Қазақстанға.
Бұған дейін осы жылдың қарашасында Қазақстанда Қазақстан есімді 24 азамат тұратыны хабарланған еді. Олардың дені Ақмола облысы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысында. Сондай-ақ баласының атын елдің ірі қалаларының құрметіне қойғандар да бар. Мәселен, 28 адамға Семей деп ат қойылса, 21 – Алматы, 18 – Түркістан есімді азамат тұрып жатыр.
Бүгін Қазақстанның тәуелсіздік алғанына – 30 жыл. Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз ел ретінде өзінің жаңа тарихына қадам басты.
Биыл елдің басты ұлттық мерекесіне орай қазақстандықтар қатарынан төрт күн – 16, 17, 18 және 19-ы демалады.