Экономика

Назарбаевтың суреті басылған монеталар айналымға шығады

Номиналдары 5 000 және 500 теңгелік күмістен және номиналы 100 теңгелік мельхиордан жасалған монеталар "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясы бойынша айналымға шығады
Sputnik
АЛМАТЫ, 15 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық банк TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL коллекциялық монетасы
TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL монеталарының дизайны біртуар тарихи тұлғалардың портреттік бейнелері бар тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы үлгідегі банкноттарының бірінші сериясымен символдық байланысын көрсетеді, деп хабарлады Ұлттық банк.
TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL коллекциялық монетасы 500 теңге номиналы бойынша да шығады
Соның арасында елдің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевты да көруге болады.
"Композиция визуалды портреттік қатарды аяқтап, мемлекет тарихындағы мерейтой кезеңдерін логикалық түрде көрсетіп тұр", - делінген ақпаратта.
100 теңге номиналы түрінде шыққан TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL коллекциялық монетасы
Монеталардың басты бетінде (аверсінде) номиналы, Ұлттық банк логотипі мен монетаның металын, сынамасын және массасын білдіретін жазу бар. Айналдыра – QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY • REPUBLIC OF KAZAKHSTAN деп жазылған.
Монеталардың екінші бетінде (реверсінде) – Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, Қазақстан Республикасының картасы, портрет қатары, қазақ киіз үйінің (басқұр) декоры түрінде орындалған ою-өрнек таспасы және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің ресми логотипі салынған.
Монеталар жасалған:
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.
Монеталардың сатылымға шығатын күніне қатысты ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады.