Ғаламшардағы алмағайып жағдай жерасты бункерлеріне деген сұраныс пен қызығушылықтың артуына ықпал етті.
Дәулетті адамдар арасында осы тектес паналарға деген сұраныс артып, бүкіл әлемде бункер сатып алушылар саны ұлғайғанын БАҚ жиі жазып жүр.
Бірақ қандай да бір қауіптен қорғайтын түрлі жерасты ғимараттарын адамдар бұрын да салғаны белгілі.
Мысалы, Екінші дүниежүзілік соғыс пен "қырғи-қабақ соғыс" кезінде бомбадан қорғайтын бункерлер кеңінен таралды. Бұл ғимараттар қатер төнген шақта халықты эвакуациялауға арналды.
Қорғаныс ғимараттарын суреттер топтамасынан көріңіз.