Экономика

Зейнетақы жинағын Отбасы банк депозитіне аудару: нені білу қажет

Зейнетақы жинағы есебінен Отбасы банкте депозитті қалай ашу және толтыру керек, бұл қаражатты қандай мақсатта пайдалануға болады, біржолғы зейнетақы төлемдерін қандай мерзім ішінде қолданып үлгеру қажет
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан — Sputnik. Банктің басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов зейнетақы жинағының артық сомасы есебінен Отбасы банктегі депозитті қалай толтыру керектігі, бұл ақшаны қайда жаратуға болатыны туралы толығырақ айтып берді.
Біраз бұрын хабарлағандай, қазақстандықтар 2021 жылдың 16 желтоқсанынан бастап зейнетақы жинағы есебінен тұрғын үй депозиттерін толтыра алады.
"Жақын уақытта сіздер біржолғы зейнетақы төлемдеріңізді enpf-otbasy.kz онлайн-платформасы арқылы Отбасы банктегі өз депозиттеріңізге аудара аласыздар. "Отбасы банктегі салымды толтыру" батырмасы қашан және қалай пайда болатыны туралы қосымша хабарлаймыз. Әзірше біржолғы зейнетақы төлемі есебінен толтырылған депозитті қайда жұмсауға болатыны және болмайтыны туралы айтамыз", - деді Ақшанов Facebook парақшасында.

Зейнетақы жинағын Отбасы депозитіне аудару: талаптары мен ережелері

Біржолғы зейнетақы төлемдерімен толтырылған Отбасы банкіндегі салымдар үшінші тұлғалардың талаптарынан қорғалады.

Отбасы банкіндегі депозитті қандай мақсатта қолдануға болады

Зейнетақы жүйесіндегі артылған сомасы бар Отбасы банкіндегі депозитті мына мақсаттарға пайдалануға болады:
Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану ережесі Отбасы банкіндегі салымдарды толтыру бойынша жаңа опциядан бөлек, біржолғы зейнетақы төлемдерінің көмегімен жеке жер телімін сатып алу мүмкіндігін де қарастырады.

Зейнетақы жинағын қолдану мерзімі

14 желтоқсаннан бастап біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану мерзіміне өзгерістер енгізілді. Енді бұл мерзім 45 жұмыс күнінен 20 жұмыс күніне қысқарды.
Егер қазіргі уақытқа дейін www.enpf-otbasy.kz платформасын пайдаланушылар басқа мақсатты таңдаса, онда дәл осы платформада мақсатты оңай өзгертуге болады.

Отбасы банкіндегі депозитті қалай толтыру керек

16 желтоқсанда www.enpf-otbasy.kz сайтында "Отбасы банкіндегі саымды толтыру" батырмасы пайда болады. Жаңа опцияны қолдану үшін бірнеше әрекеетті орындау керек.
Электронды цифрлық қолтаңба арқылы www.enpf-otbasy.kz платформасына кіру керек.
Жеке кабинетте ең алдымен қолданыстағы депозит пен арнайы шоттың бар екенін тексеру қажет.
Егер қолданыстағы депозит бар, ал арнайы шот жоқ болса, онда сол платформада өтінішке қол қою керек болады. Сонда жүйе автоматты түрде шот ашады.
Егер қолданыстағы депозит болмаса, онда оны алдын ала Отбасы банкте ашу керек.
Осы әрекеттер орындалса, www.enpf-otbasy.kz порталында өтінім құрастырылып, БЖЗҚ-ға жіберіледі.
БЖЗҚ 5 жұмыс күні ішінде өтінішті қарастырады және біржолғы зейнетақы төлемдері Отбасы банкіндегі арнайы шотқа түседі. Ол жақтан қаражат депозитке аударылады.