НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакциналау және ревакциналау науқаны жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазақстанның 136 мың азаматы ревакцинация жасатты", - деді Цой үкімет отырысында.
Бүған дейін денсаулық сақтау министрлігі ревакцинация тактикасын өзгерткен болатын. 8 желтоқсаннан бастап вакцинаның екі дозасын алған, сондай-ақ коронавируспен ауырып шыққан барлық адам 6 айдан кейін қайта вакцина салдыруға тиіс.
Коронавирусқа қарсы вакциналау
Бүгінде вакцинаның 1-ші компоненті 8,8 миллионнан астам адамға егілді, бұл вакцина салдыра алатын ересек халықтың 77,8%-і.
Екінші дозаны 8,3 миллионнан аса қазақстандық (72,9%) алды.
Жалпы Қазақстан халқының 43,8%-і вакцинаның екі дозасын салғызды.
Pfizer вакцинасы
Қазіргі таңда Comirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші компоненті 188 906 адамға егілді. Соның ішінде 150 669 жасөспірім және 38 237 жүкті және бала емізетін әйел бар.
Екінші компонентпен 19 386 адам қамтылды.
Оқи отырыңыз: