Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік күніне орай қандай шаралар өтеді

Биыл Тәуелсіздік мерейтойына арналған мерекелік отшашу 15 желтоқсан кешке жоспарланған. Биыл қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай 4 күн демалады
Sputnik
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордада бірқатар іс-шара жоспарланған.
Елорда әкімдігінің ақпараты бойынша, тақырып бойынша қойылымдар 8 желтоқсаннан бастап сахналанып келеді.
Осылайша, 14 желтоқсанда "НАЗ" мемлекеттік би театрында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған
Сонымен қатар елорда әкімшілігі биыл Тәуелсіздік күні қарсаңында бірнеше әлеуметтік нысан ашылатынын хабарлады: 20 мыңнан астам оқушыға арналған 7 мектеп; 2,5 мың әлеуметтік пәтер бар 6 көппәтерлі тұрғын үй кешені (қолжетімді баспана), 9 үлестік құрылыс нысаны (2 400 үлескер отбасы).
Бұған дейін елорда әкімдігі мерекенің құрметіне қаланың үш алаңында 15 желтоқсан кешке мерекелік отшашу болады деп хабарлады.
Айта кетері, биыл қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай 4 күн – 16-19 желтоқсан аралығында демалады.