НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстауда көлік жылқыны қағып кетіп, тағы бірнеше жол апатын жасады.
Қарақия ауданындағы тасжолда Toyota Camry жүргізушісі жылқыны қағып кеткен. Осыдан кейін инерциямен тоқтап тұрған Toyota Highlander көлігімен соқтығысты, ал ол Honda Odyssey көлігін соққан.
Жол апаты салдарынан алты адам ауруханаға жеткізілді.
Полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.
Оқи отырыңыз: