НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы ұжымын 20 жылдық мерейтоймен құттықтады.
"Менің бастамаммен, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің қолдауымен ашылған бұл оқу орны екі ел арасындағы достық мен стратегиялық әріптестіктің жарқын үлгісі", - делінген оқу орнының салтанатты жиынында оқылған елбасының құттықтауында.
Нұрсұлтан Назарбаев оқу орнының түлектері Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне лайықты үлес қосып жатқанын атап өтті.
"Ұшқыр әрі заманауи ойлы мамандардың қалыптасуы, бірлесіп жүргізілген ғылыми зерттеулер университет потенциалының отандық жоғары оқу орны арасында көшбасшы ретінде дамуына негіз болады деп сенемін", - деді елбасы.