НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан — Sputnik. Атырауда жасөспірім қызды төрт ит талап тастады, деп жазды ATPress.kz.
2008 жылы туған қыз 13 желтоқсанда кешкі сегіздер шамасында облыстық балалар ауруханасына ауыр жағдайда түсті.
Дәрігерлер 13 жастағы қыздың сол жақ иығы, беті, көзі мен маңдайында терең жаралар бар екенін анықтады. Сонымен қатар иық тұсы, қолы мен балтыры да тістелген. Қазір оның жағдайы тұрақты ауыр. Ол жансақтау бөлімінде жатыр.
Басылым мәліметінше, 11 айда балалар ауруханасына жануарлардан зардап шеккен 380 бала түскен. Оның 152-сі қаңғыбас иттердің құрбаны болды. 183 баланы үйде асыралған ит тістеген.