Қоғам

Қазақстандық вакцинаны жасаушылар мемлекеттік сыйлық алды

Тоқаев ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты тағайындады, оны екі ғалымдар тобы – Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы мен Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ұжымдары алды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 6 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2021 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент комиссияның шешімін қарастырып, Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2021 жылғы мемлекеттік сыйлығын екі жұмысқа беруге қаулы етті.
"Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсынған "Розеофунгин-АС" отандық жаңа түпнұсқалық дәрілік препаратты әзірлеу және оның өндірісін ұйымдастыру" тақырыбындағы жұмыс үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Аманкелді Құрбанұлы Саданов бас директор болып табылатын авторлық ұжымға берілді.
Авторлық ұжым құрамы:
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ұсынған "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: озық ғылыми технологиялар және өндіріс" тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін биология ғылымдарының докторы, профессор, жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі Күнсұлу Закарья бас директор болып табылатын авторлық ұжымға берілді.
Авторлық ұжым құрамы:
Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы Қазақстан Республикасының азаматтарына техниканың, материалдардың және технологиялардың әлемдік аналогтар деңгейіндегі немесе одан жоғары жаңа түрлерін әзірлегені және өндірісті ұйымдастырғаны үшін; экономиканың түрлі салаларында экономикалық және (немесе) әлеуметтік әсерді қамтамасыз ететін мүлдем жаңа бұйымдар, технологиялық процестер әзірлегені және жасағаны үшін беріледі. 
Оқи отырыңыз: Бекболат Тілеухан, Дариға Назарбаева: бірқатар азамат мемлекеттік награда алды