Өңірлер

Тальго тағы екі бағыт бойынша қатынайтын болды

Олардың әрқайсысында "Турист" класты вагондар, сондай-ақ вагон-бар және вагон-мейрамхана қарастырылған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан – Sputnik. 12 желтоқсаннан бастап екі бағыт бойынша тальго пойызын іске қосылды, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол станциясынан "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Арқалық" жолаушылар пойызы алғашқы рейске шықты. Маршруттың қашықтығы - 609 км, пойыздың жалпы жүру уақыты 12 сағат 49 минутты құрайды. Пойыз екі құрамнан құралған және күн сайын қатынайтын болады. Олардың әрқайсысында 348 орындық "Турист" класты, 2 "Бизнес" класты, 1 "Гранд" класты, 1 "Гранд PMR"  класты (мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін) вагондар, сондай-ақ вагон-бар және вагон-мейрамхана бар.
Тальго вагондарынан құрастырылған екінші пойыз "Алматы-2-Маңғыстау" бағыты бойынша іске қосылды. Пойыздың жалпы жүру уақыты 41 сағат 49 минутты құрайды. Ол екі құрамнан тұрады және жұп күндері жүреді. Олардың әрқайсысында 324 орындық "Турист" класты вагондар, сондай-ақ вагон-бар және вагон-мейрамхана қарастырылған.
Жол жүру барысында мультимедиялық ресурстарды ішкі сымсыз желі арқылы пайдалануға болады. Жолаушылар өздерінің жеке құрылғыларының (ұялы телефондар, гаджеттер, портативті компьютерлер) көмегімен серверде алдын-ала орналастырылған ойын-сауық бағдарламаларын, фильмдерді, ойындарды көре алады.
Естеріңізге сала кетейік, 2021-2022 жылдарға арналған жолаушылар пойыздарының жаңа кестесі бойынша Қазақстан ішінде 118 жұп пойыз жүре бастады. Оның ішінде 95 жұп пойыз "Жолаушылар тасымалы»"АҚ-ға (оның ішінде қала маңындағы тасымалдарды қоса алғанда – 61), сондай-ақ 23 жұп пойыз жеке тасымалдаушыларға тиесілі. 

Оқи отырыңыз: