НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстаудағы "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде қарақал (қарақұлақ) камераның объективіне ілікті.
Сирек кездесетін жыртқышты инспекторлар қорық аумағында жүргізілген рейдтер кезінде суретке түсіріп алған.
Қазақстанда Қызыл кітапқа енген бұл жануарды Каспий теңізінің жағалауынан кездестіруге болады. Маңғыстау облысында олардың саны – шамамен 300-400.
Ұзақ уақыт бойы қарақал сілеусінге жатқызылды, олардың сыртқы пішіні ұқсас, бірақ бірқатар генетикалық сипаттамаларға байланысты ол жеке тұқымдасқа бөлінді.
Қарақал негізінен түнде жүреді, бірақ қыста және көктемде күндіз де бой көрсетеді.
Оқи отырыңыз: