Келісім Одақ шеңберінде транзиттік тасымалдар жасау кезінде, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану және электрондық құжат айналымы жағдайында кепілдік тетіктерін дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, бизнеске қаржылық жүктемені азайтады.
Бұл қалай жұмыс істейді және президенттер қол қойған құжаттың арқасында не өзгеретіні туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Мақсат Мамытқанов Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Мәскеу – Бішкек – Ереван – Нұр-сұлтан – Минск видеокөпірі кезінде айтты.
Навигациялық пломбаларды қолдану саласында қандай жаңалықтар болады? ЕАЭО кеңістігінде электрондық сауданы бақылау қағидалары қалай жұмыс істейді? ЕЭК 2022 жылы цифрлық экономика бойынша қандай жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр? Осы және басқа да сауалдардың жауабын видеодан біле аласыз.