НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Құтқарушылардың зейнет жасы төмендетілуі мүмкін. Бұл туралы премьер-министр Асқар Маминнің Қазақстан халық партиясының депутаттық сауалына берген жауабында айтылған.
Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірлеп жатыр, оның аясында мына мәселелер пысықталуда:
"Тұтастай алғанда азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен құтқарушыларын әлеуметтік қорғауды жақсарту мәселелері бюджеттің кіріс бөлігінің мүмкіндіктері басшылыққа алына отырып, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай ескеріле отырып қаралады және уәкілетті орган мен үкіметтің тұрақты бақылауында болады", - делінген хабарламада.
Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.