Өңірлер

Атырау облысында 12 тонна мақта тиелген жүк көлігі өртенді– фото

Жүл көлігі Тәжікстаннан Түркияға бара жатқан, бірақ діттеген жеріне сол күйі жете алмады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Атырау облысында тас жолда 12 тонна мақта тиелген жүк көлігі өртеніп кетті.
Төтенше жағдай 10 желтоқсан 14.00 шамасында Атырау-Маңғыстау республикалық автожолында, Құлсары қаласынан 80 шақырым жерде болды.
Қазақстанның тас жолында он екі тонна мақта тиелген жүк көлігі өртенді
Тас жолда 12 тонна мақта тиелген үлкен жүк көлігі жанып кетті. DAF маркалы фура Тәжікстаннан Түркияға бара жатқан.
Қазақстанның тас жолында он екі тонна мақта тиелген жүк көлігі өртенді
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды 15:54-те ауыздықтады, деп хабарлайды "Мой город".
18:45-те өрт толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке не себеп болғаны белгісіз. Оқиға орнынан түсірілген суреттерге қарасақ, тіркеме мен оның ішіндегі жүктен түк қалмаған.