НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық боксшы қыз Фируза Шәріпова жеңіл салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы ирландиялық Кэти Тэйлордан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Айқас он раундқа жоспарланып, бүкіл дистанцияға созылды. Қыздар әр раундта екі-екі минуттан жұдырықтасты.
Фируза бүкіл раунд бойы Тэйлорға лайықты қарсылық көрсете білді. Алайда ирландиялық боксшы мықтырақ болды. Осылайша төрешілер жеңісті бірауыздан Кэтиге берді – 98:92, 97:92, 96:93. Сөйтіп ол чемпиондық белбеулерін сақтап қалды.
Оқи отырыңыз: Фируза Шәріпова: Головкинге қатты қапа болдым
Ливерпульдегі бокс кешін промоутерлік Matchroom Boxing компаниясы ұйымдастырды.
Қазақстандық кәсіпқой бокста екінші рет жеңіліске ұшырады. Сондай-ақ оның қоржынында 14 жеңіс бар.
Бұған дейін Шәріпова сұхбат кезінде егер жеңіп жатса, өз жеңісін Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнайтынын мәлімдеген еді.