Фото

Әлем елдерінде жаңа жылға дайындық қалай жүріп жатыр – фото

Бұл күндері барлық адамзат баласы мерекелік көңіл-күйде жүр. Себебі Жаңа жыл мейрамын баладан қарияға дейін бүкілі асыға күтеді. Бұл нағыз ғажайып пен армандар орындалатын мереке
Sputnik
Реалистер мен скептиктердің өзі жүрек түкпіріндегі тілегінің орындалуын күтетін жылдың ең ғажайып кезеңі басталды.
Әлі де бәсеңдей қоймаған пандемия адамдарды өмірдегі құндылықтарды қайта қарап, пікір өзгертуіне мәжбүрледі. Бұл уақытта әрбір адам күнтізбеге қарап, келер жаңа жыл жақсылығымен келеді деп үміттеніп отыр.
Сондықтан өзі үшін де, өзгелер үшін де мерекелік ғажайып көңіл-күй сыйлауға тырысуда.
Жақында біздің елде де шырша шамдары жағылады. Біз Қазақстан қалаларындағы жаңа жылдық безендірулерді міндетті түрде көрсететін боламыз.
Әзірше әлем елдерінде дайындық қалай жүріп жатқанын тамашалаңыздар.
1 / 10
Токиода Санта-Клаус костюмін киген қыздар жаңа жылдық иллюминация жанында суретке түсіп тұр, Жапония.
2 / 10
Мәскеудегі ГУМ универмагы келушілерге жаңа жылдық көңіл-күй сыйлауда.
3 / 10
Афиныда туристер мен қала тұрғындарының қуанышына орай жаңа жылдық шырша шамдары жағылды.
4 / 10
Рождестволық Микки Маус Нью-Йорктегі Тайм-сверде серуендеп, адамдарды қуантып жүр.
5 / 10
Париждегі Елисей алқабында жаңа жылдық және рождестволық иллюминацияларды жағу бойынша салтанатты шара өтті.
6 / 10
Берлиндегі Жандарменмаркт алаңында рождестволық жәрмеңкенің ашылуы кезіндегі Қар патшайымы.
7 / 10
Венадағы рождестволық жәрмеңке кезінде қыз бен жігіт мэрия ғимараты жанында суретке түсіп тұр.
8 / 10
Токиодағы Рождество иллюминациялары жанғаннан кейін адамдар саябақта серуендеп жүр.
9 / 10
Дрездендегі сауда-саттық көшесінде полиция қызметкерлері Санта-Клаус киімін киген туристермен ілесіп жүреді.
10 / 10
Мәскеу ГУМ-ындағы Жаңа жылдық ертегі "Щелкунчиктің" бас кейіпкерлері жұртшылыққа қуаныш сыйлап тұр.