Оқиға

Алматыда оқушы 20-қабаттан секіріп кетті

Куәгерлердің айтуынша, оқиға бүгін, 11 желтоқсанда, сағат 8.15-те болған. Оқушы шамамен 16 жаста
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Алматыда мектеп оқушысы "Манхеттен" тұрғын үй кешенінің 20-қабатынан секіріп кетті.
Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы пабликтердің бірінде пайда болып, кейін өшіріліп тастады.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға, бүгін, 11 желтоқсанда, сағат 8.15-те болған. Оқушы шамамен 16 жаста. Оның жанынан оқушы сөмкесі табылған.
Полиция бұл фактті расттады.
"Бұл іс сотқа дейінгі тергеу реестрінде Қылмыстық кодекстің 105 бабы "Өз-өзіне қол салуға жеткізу" бабы бойынша тіркелді. Қылмыстық істі Алмалы аудандық полиция департаменті тергейді", - деді Алматы полициясындағылар.

Оқи отырыңыз: