Өңірлер

"Үшарал-Достық" тас жолы жабылды

Төтенше жағдайлар департаменті осы бағытта жолға шықпауды және "112" жібертін хабарламаларға құлақ асуға шақырды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар "Үшарал-Достық" тасжолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды, деп хабарлады Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
"ҚазАвтоЖол" ҰК "АҚ Алматы облыстық филиалы және "Қазақавтожол" ЖШС Алматы облыстық бөлімшесінің хабарлауынша, 2021 жылдың 10 желтоқсанында сағат 17:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран, жолдың нашар көрінуі) "Үшарал-Достық" республикалық маңызы бар тасжолында (84-184 км) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаменті осы бағытта жолға шықпауды және "112" жібертін хабарламаларға құлақ асуға шақырды.

Оқи отырыңыз: