Қоғам

Мереке күндері қосымша үш пойыз жолға шығады

Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл қарсаңында елордадан Шымкентке, Алматыға, сондай-ақ  Ақтөбеден Қызылордаға қосымша жолаушылар пойызы жүреді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан — Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" АҚ алдағы желтоқсан мерекелері – Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл қарсаңында қосымша үш жолаушылар пойызын іске қосады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұдан басқа, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушылар тасымалдауға жоғары сұранысқа ие бағыттар бойынша қосымша вагондар тіркеу ұйымдастырылады.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы  жол жүру құжаттарын (билеттерін) онлайн ресімдеуді сұрайды, сондай-ақ қажет болған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін "Күту парағы" функционалын пайдалану қажет.
Оқи отырыңыз: