НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 648 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлады коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Бір күн бұрын 683 науқас тіркелген болатын.
Өңірлердегі статистика:
Жалпы елде пандемия басталғаннан бері 978 362 адам коронавируспен ауырды, 12 828 адам қайтыс болды.
Ал 83 283 адамнан ковид пневмониясы (статистика 2020 жылдың 1 тамызынан бастап жүргізілді) анықталды, бұл ауру 5 177 адамның өмірін қиды.
Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан 14 адам, пневмониядан 6 адам қайтыс болды.