Қоғам

Қазақстан мен Сбер цифрландыру туралы келісімшартқа қашан қол қояды

Ресейлік дипломат Қазақстанның цифрлық дербестігі сақталатынын мәлімдеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан мен ресейлік Сбербанк цифрландыруға қатысты келісімшартқа жыл соңына дейін қол қоюы мүмкін, деп мәлімдеді Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин.
2021 жылдың қыркүйегінде Қазақстан үкіметі ресейлік Сбер тобымен меморандумға қол қойды. Бұл меморандум республиканың цирфлық трансформациясы, цифрландыру және тұжырымдаманың Data Driven Government платформалық үлгісіне көшу бойынша жобаларды жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастыққа қатысты.
"Ресейлік Сбербанкпен ынтымақтастық нәтижесінде Қазақстанның цифрлық егемендігі Ресейдің қолына өте ме деп қауіптенген қазақстандықтарды сабырға шақырғым келеді. Мұндайға жол берілмейді, сеніңіздер", - деді "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында Бородавкин.
Ол бастапқы код Қазақстанның өзіне берілетінін, серверлер Қазақстанда орналасатынын және сәйкес жұмыстарға қазақстандық ІТ-компаниялар тартылатынын мәлімдеді. Мұның барлығы республиканың цифрлық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.
"Жыл соңына дейін Қазақстан мен Сбер арасындағы сәйкес келісімшартқа қол қойылады деп үміттенемін", - деді дипломат.

Оқи отырыңыз: